“Бағдарламау және дизайн” пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінде 03.02.2025-28.02.2025жж.аралығында өтіп жатқан “Цифрлық мүмкіндіктер: ғылым мен дизайн тоғысында” тақырыбындағы айлық іс-шара жоспарына сәйкес арнайы пәндер оқытушысы Бектембаева Сымбат ЕТБ-0924-2 тобына “Web-парақшаға мультимедиа нысандарын енгізу” тақырыбында ашық сабақ өтті.
Мақсаты: Студенттерді HTML тілінің мультимедиалық мүмкіндіктерімен таныстыру, медиалық нысандарды енгізу тегтерімен таныстыру.
Оқытушы студенттерге Web-беттерді жасауды, дыбыстық, аудио, бейне жазбаларға қажет атрибуттарды қолдануды үйретті. Нәтижесінде, студенттер медиа контентті енгізе отырып, мультимедиалық объектілерді енгізу мүмкіндіктерін жетік меңгере алды.

#

Comments are closed