Қараша айының 3-9 күндері Астана қаласында өткен «WorldSkills Kazakhstan 2025» ұлттық чемпионаты өз мәресіне жетті. ЭКСПО халықаралық көрме алаңында ұйымдастырылған бұл ауқымды додада еліміздің үздік студенттері 45 құзыреттілік бойынша өз кәсіби шеберліктерін көрсетті.
Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ең маңызды шаралардың бірі саналатын бұл чемпионатқа мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп, қатысушылардың кәсіби дамуына ерекше мүмкіндік берілді.
Осы беделді байқауда колледж студенттері «Бизнеске арналған IT шешімдері» құзыреттілігі бойынша Пернебай Аян қатысып бапталса, «Мейрамхана қызметі» құзыреттілігі бойынша Аханұлы Байжан бақ сынап, медальон иеленді.
Байжанның бұл жетістігі — еңбектің, табандылықтың және кәсіби дайындықтың нәтижесі.
ЖЕҢІСІҢМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Жаңадан биік белестерді бағындыра беруіңе тілектеспіз!

Comments are closed