2025 жылдың 30 қазан күні Түркістан облыстық Жастар орталығында Түркістан облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен «WorldSkills Kazakhstan – 2025» чемпионатына қатысушы студенттерге арналған «Досбол LIKE» атты тимбилдинг іс-шарасы өтті.
Шараға облыстық Жастар орталығының психолог-тренерлері қатысып, студенттердің командалық рухын көтеруге және өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған түрлі ойындар мен жаттығулар өткізді.
Біздің колледжімізден республика деңгейінде өтетін жарысқа дайындалып жатқан студентіміз де аталған тимбилдингке белсене қатысып, жоғары мотивация мен жігер танытты.

#

Comments are closed