Сәуір айының 21-25 аралығында өтіп жатқан «Worldskills Turkistan — 2025» облыстық чемпионатында «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің дарынды студенттері 15 құзыреттілік бойынша өз шеберліктерін көрсетіп жатыр.
Колледжіміздің базасында:
• «Ақпараттық және кабельдік желілер»
• «Мобильді робототехника»
құзыреттіліктері бойынша жарыстар өткізілуде.
Сонымен қатар, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне қарасты «Яссы» қонақ үйінде «Мейрамхана қызметі» құзыреттілігі бойынша сайыс өтіп жатыр.
Білім мен білікті, өнер мен іскерлікті ұштастыра білген студенттерімізге сәттілік тілейміз! Жеңіс тұғыры сіздерді күтсін!

#

Comments are closed