«Тіл – ұлттың белгісі, халықтың мұрасы, дүниетаным құралы» атты айлық іс-шара аясында «Филологиялық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің ұйымдастыруымен «XXI ғасыр көшбасшысы» атты зияткерлік сайыс өтті.
Сайысқа қала мектептерінің 9-сынып оқушылары мен колледж студенттері қатысып, өз білімдерін, тапқырлықтары мен логикалық ойлау қабілеттерін ортаға салды.
Бірнеше кезеңнен тұрған сайыс барысында қатысушылар түрлі сұрақтарға жауап беріп, білім деңгейлерін көрсетіп қана қоймай, тілге деген құрметі мен білімге деген қызығушылықтарын дәлелдей білді.
Осындай танымдық әрі зияткерлік іс-шаралар жастардың ой-өрісін кеңейтіп, білімге деген құштарлығын арттыруға, сондай-ақ дарынды оқушыларды анықтауға үлкен мүмкіндік береді.

#

Comments are closed