«Заң және тәртіп» бағдарламасы аясында колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Надирбаев, Түркістан қалалық Полиция басқармасының Құқық қорғау бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Сламхан Шәкәрім, полиция аға лейтенанты Оспанов Бексұлтан, сондай-ақ №3 жатақхананың тәрбиешісі Абдихадирова Светаның қатысуымен №3 жатақханада тұратын білім алушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында жатақханада тұру ережелерін сақтаудың маңыздылығы, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қауіпсіздік талаптарын орындау және мәдени орта қалыптастыру мәселелері кеңінен қозғалды. Білім алушыларға жатақхананың ортақ үй екені түсіндіріліп, әрбір тұрғынның тәртіпке, тазалыққа және қауіпсіздікке жауапты екені ерекше атап өтілді.
Кездесу соңында студенттерге жатақхана ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі ескертіліп, өзара сыйластық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы айтылды.
Жатақхана — ортақ үй.
Ережені сақтайық — қауіпсіз әрі мәдени орта қалыптастырайық!

#

Comments are closed