📌Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде «Заң мен тәртіп» тақырыбы аясында кездесу өтті.
📌 Іс-шараның мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және заңға құрметпен қарау сезімін арттыру болып табылады.
📌Кездесуге Түркістан облысының әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Ербекешов Нұрлан және Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкері Кененбай Арыстан, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Надирбаев Шохан қатысып жастарға заң талаптарын сақтау, азаматтық жауапкершілік және қоғамдағы тәртіптің маңызы жөнінде түсіндіріп өтті.
📌Іс-шара жастар және арнайы мамандардың сұрақ-жауап, пікір алмасуымен жалғасын тапты. Жастар өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып оларға тиісінше жауаптар алды. Сонымен қатар шара соңында осындай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың саналы азамат болып қалыптасуына оң ықпал ететіндігі сөз болды.

#

Comments are closed