🗓 09.04.2025ж. күні Түркістан қалалық полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөліміне қарасты Ювеналды полиция тобының учаскелік инспекторы, полиция лейтенанты Б.Мейрханов, және колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Надирбаев студенттермен маңызды кездесу өткізді.
🔹 Кездесудің басты тақырыптары:
• Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу
• Көктем мезгілінде тауға шығу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
• Мопедтерді тіркеудің міндеттілігі туралы жаңа ережелер
👮♂️ Б.Мейрханов жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында:
• Құқық бұзған жағдайда қолданылатын шаралар мен жазалар туралы түсіндірді;
• Вандализм, лудомания, буллинг, кибербуллинг, алаяқтық сияқты заңсыз әрекеттерден аулақ болуға шақырды;
• Темекі мен басқа да зиянды әдеттерден сақ болудың маңыздылығын жеткізді.
🎯 Мұндай кездесулер – жастардың бойында құқықтық мәдениет қалыптастырып, өз болашағына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.
📌 Жастар – елдің ертеңі. Сондықтан әрбір азамат заңды біліп, оны құрметтеуге тиіс!

Comments are closed