Сәуір айының 17-сі күні ДТС-0923-1 тобы кураторы Ж.Нышанбекованың қатысуымен «Заң және тәртіп» тақырыбында апталық тәрбие сағаты өтті. Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрмет сезімін қалыптастыру, тәртіптілікке, жауапкершілікке баулу, сондай-ақ құқықбұзушылықтың алдын алу және заң талаптарын сақтау қажеттігін ұғындыру болды.
Тәрбие сағаты барысында студенттер құқықтық білімнің қоғам өміріндегі маңызын тереңірек түсініп, өз құқықтары мен міндеттері туралы ой өрбітті. Заңға бағыну – әр азаматтың борышы екені айтылып, нақты мысалдар арқылы құқық бұзушылықтың салдары түсіндірілді.
🔹 Заң – қоғамның тәртібі мен тұрақтылығының кепілі.
🔹 Тәртіп – адам болмысының айнасы.
🔹 Жауапкершілік – саналы өмірдің негізі.
Осы құндылықтарды бойына сіңірген жас буын – ертеңгі әділетті қоғамның тірегі!

Comments are closed