«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде талапкерлерге арналған кең көлемді мамандықтар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шараның мақсаты — мектеп оқушыларына болашақ кәсібін саналы түрде таңдауына бағыт-бағдар беру, колледждегі білім беру бағдарламаларымен таныстыру және әр мамандықтың еңбек нарығындағы маңызын түсіндіру.
Жәрмеңкеге Түркістан қаласындағы:
• М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясы,
• №21 жалпы орта мектебі,
• Ш. Ниязов атындағы жалпы орта мектебі,
• С. Рахимов атындағы ЖОББМ,
• Әйтеке би атындағы №26 жалпы орта мектебі
оқушылары қатысып, колледждің материалдық-техникалық базасымен, шеберханаларымен және оқу кабинеттерімен жақын танысты.
Іс-шара барысында оқушыларға мамандықтардың ерекшелігі, оқу барысында меңгерілетін дағдылар, өндірістік тәжірибе мүмкіндіктері және жұмысқа орналасу бағыттары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, шеберлік сабақтары мен практикалық көрсетілімдер ұйымдастырылып, оқушылар мамандықтарды өз көзімен көріп, сұрақтарына жауап алды.
Бұл жәрмеңке жас буынның кәсіби бағдарын қалыптастыруға, дұрыс таңдау жасауына және болашаққа нық қадаммен қадам басуына зор мүмкіндік берді.

Comments are closed