«Әлеуметтік және педагогикалық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект және гуманитарлық ғылымдар» атты айлық іс-шара аясында 2026 жылғы 25 ақпан күні арнайы пән оқытушысы Дадажанова Муниса ЗҚТ-0924 тобымен «Жұмыссыз азаматтарға берілетін кепілдіктер мен өтемақылар» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты – жұмыссыз азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік кепілдіктер мен өтемақылар туралы білім қалыптастыру, олардың құқықтарын түсіндіру және әлеуметтік жауапкершілік құндылықтарын дамыту.
Ашық сабақ барысында инновациялық және интерактивті оқыту технологиялары тиімді қолданылып, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігі артты. Сабақ мазмұны қазіргі қоғамдағы әлеуметтік мәселелермен ұштастырылып, теория мен тәжірибе өзара байланыстыра ұсынылды.

Comments are closed