Колледжде білім алу тек кәсіби дағдыларды меңгерумен шектелмейді, ол ең алдымен тәртіптілікке, мәдениеттілікке және жауапкершілікке үйретеді. Осы мақсатта студенттерге колледж қабырғасында өзін дұрыс ұстау, ішкі тәртіп ережелерін сақтау, оқытушылар мен қатарластарына құрметпен қарау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында жақсы мінез-құлықтың маңыздылығы, академиялық ортадағы этика нормалары, қоғамдық орындарда өзін ұстау мәдениеті сөз болды. Студенттерге колледж абыройын сақтау, білім ордасының талаптарына сай тәртіппен жүру – әр білім алушының басты міндеті екені атап өтілді.
Мұндай тәрбиелік бағыттағы жұмыстар жастардың бойында әдептілік, жауапкершілік және саналы азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталып, болашақта үлгілі маман болып қалыптасуына негіз қалайды.

#

Comments are closed