Наурызнама онкүндігі аясында Қайырымдылық күніне орай колледж оқытушылары бірлесіп, бірнеше отбасыға көмек көрсетті. Ұстаздар қауымы өзара ұйымшылдық танытып, азық-түлік өнімдерін жинап, отбасыларға табыстады.
Бұл игі шара – мейірімділік пен жанашырлықтың, адамгершілік құндылықтардың айқын көрінісі. Осындай қайырымды істер қоғамда жақсылықтың көбейіп, адамдардың бір-біріне қолдау көрсетуіне жол ашады.
Жақсылық жасау – жүректен шығатын ізгі амал. Ендеше, жақсылық жасап жарысайық! 🤍

#

Comments are closed