«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі ұжымымен «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалиция өкілдерінің кездесуі өтті.
Кездесу барысында алдағы референдумның маңызы, Жаңа Конституцияның елдің саяси, әлеуметтік және құқықтық дамуына тигізер ықпалы жан-жақты түсіндірілді. Ата Заңдағы өзгерістердің адам құқығын қорғау, заң үстемдігін нығайту, әлеуметтік әділдік пен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталғаны атап өтілді.
Колледж ұжымы мазмұнды пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарға нақты жауап алды. Қатысушылар референдумға саналы түрде қатысу – ел болашағына жауапкершілікпен қараудың көрінісі екенін жеткізді.

#

Comments are closed