Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің бастамасымен университеттің түрік тілі оқытушылары «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің білім алушыларына арналған «Түрік тілі» курсын жүргізуді бастады.
Курстың мақсаты – студенттердің тілдік құзыреттілігін арттыру, мәдени және кәсіби байланыстарды нығайту, сонымен қатар бауырлас елдердің достығын одан әрі дамыту.
Түрік тілін меңгеру – тек тіл үйрену емес, ол жаңа мүмкіндіктерге жол ашу, жаһандық білім мен тәжірибе кеңістігіне шығу.
Барлық білім алушыларға табыс, тіл үйрену жолында жігер мен шабыт тілейміз! 🌟

Comments are closed