Республика күні қарсаңында Ахмет Ясауи Университетіне қарасты Ахмет Ясауи Колледжінің “Тамақтандыруды ұйымдастыру” мамандығының білім алушылары практикалық сабақ барысында өздері дайындаған тамақ өнімдерін қала көшелерін тазалау және көгалдандырумен айналысатын қызметкерлерге таратты. Қиын да қажетті жұмысты атқарып жүрген апа-көкелеріне студенттеріміз бауырсақ, самса, бәлішпен бірге ыстық шай мен кофе ұсынды. Тәрбиелік маңызы зор іс-шараға жетекшілік жасаған арнайы пән оқытушыларына алғысымыз шексіз. Оқу ордамыздың басқа топтарындағы студенттердің бұл бастамаға қолдау білдіріп, қайырымдылық жасау шараларын қолға алуы көңілге қуаныш ұялатады. Олар туралы келесі посттарда жазамыз.
No responses yet