Түркістан қаласында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында кезекті рейд ұйымдастырылды.
Рейд жұмыстарына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Надирбаев, Жастар ұйымының төрағасы Т. Батырбек, әлеуметтік педагог Б.Тұрсынхан, Жастар ресурстық орталығының мамандары және еріктілер қатысып, бірлескен бақылау жүргізді.
Түнгі уақытта заңды өкілінсіз көшеде және ойын-сауық орындарында жүрген бірқатар жасөспірім анықталды. Мамандар оларға тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ата-аналарына хабарлама жіберілді.
Бұл бағыттағы алдын алу шаралары қала аумағында алдағы уақытта да үздіксіз жалғасын табады.

#

Comments are closed