Колледжімізде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің клиника-диагностикалық орталығы мамандарының қатысуымен
«Жыныстық тәрбие және балалар мен жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.
Кездесу барысында клиника-диагностикалық орталықтың профессор-дәрігері Накипова Ж.Ж. және акушер-гинеколог Құлманбетова А.Б. жасөспірім қыздарға арналған мазмұнды баяндама жасап, қыз балалардың репродуктивті денсаулығы, ерте жүктіліктің алдын алу жолдары, жеке жауапкершілік пен саналы таңдау мәдениетінің маңыздылығы жөнінде жан-жақты ақпарат берді.
Сонымен қатар іс-шараға колледж мейірбикесі Н. Әсіл, қыздар төрайымы Н. Ибрагимова және психолог А. Тураева қатысып, қыздарға жеке тазалық сақтау, әдептілік, өзін-өзі құрметтеу, психологиялық тұрақтылық пен қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру бағытында құнды кеңестер ұсынды.
Аталған кездесу жасөспірімдердің денсаулығын сақтау, тәрбиелік құндылықтарды нығайту және саналы, салауатты ұрпақ қалыптастыруға бағытталған маңызды әрі өзекті іс-шара болды.

#

Comments are closed