2025-2026 оқу жылының 31 қазан күні “Жалпы білім беру пәндері және Дизайн” пәндік-циклдік комиссиясының “Жасанды интеллект және Қазақстан” айлығы аясында колледж жас мамандары арасында “Жас маман–2025” кәсіби байқауы ұйымдастырылды.
Байқау барысында жас педагогтар өздерінің әдістемелік шеберлігін, заманауи инновациялық идеяларын, өнерін және педагогикалық әлеуетін түрлі кезеңдер арқылы көрсетіп, өзара тәжірибе алмасты.
Аталмыш іс-шара жас мамандардың кәсіби дамуына серпін беріп, ұстаздық жолға деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етті.
Қорытынды кезеңде үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатталып, барлық жас мамандарға шығармашылық табыс, кәсіби өсу және жаңа жетістіктер тіленді.

                    
Comments are closed