Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Жыл үздігі – 2025» конкурсында
«Үздік жас бағдарламашы» премиясы бойынша «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің студенті Кәтіп Нұржан Құрбаналиұлы жеңімпаз атанды.
Аталған жетістік студенттің кәсіби даярлығының жоғары деңгейін, ақпараттық технологиялар саласындағы білімі мен тәжірибесін, сондай-ақ мақсатқа ұмтылған еңбегінің нәтижесін айқын көрсетеді.
Жеңімпазды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы оқуында және кәсіби қызметінде толағай табыстар, шығармашылық жетістіктер мен жаңа белестер тілейміз.
Колледжіміздің абыройын асқақтатып, ел игілігі жолында еңбек ете беруіне тілектеспіз. Біз сенімен мақтанамыз!

#

Comments are closed