«Әлеуметтік және педагогикалық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің ұйымдастыруымен 2026 жылдың 3–27 ақпан аралығында өтетін
«Жасанды интеллект және гуманитарлық ғылымдар» атты айлық іс-шараның ашылу салтанаты өтті.
Ашылу салтанаты барысында жасанды интеллекттің білім беру, тәрбие, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы маңызы кеңінен сөз болды. Қатысушылар заманауи технология мен адамгершілік құндылықтардың өзара сабақтастығы, жасанды интеллектті оқу-тәрбие үдерісінде тиімді қолданудың өзекті бағыттары жөнінде мазмұнды ой-пікірлерімен бөлісті.
Айлық іс-шараның басты мақсаты – білім алушылар мен оқытушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқу-тәрбие үдерісіне тиімді енгізу, гуманитарлық ғылымдардың рөлін жаңа технологиялар аясында жаңаша пайымдау болып табылады.

#

Comments are closed