Түркістан қаласындағы «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Сталкинг – зорлық-зомбылықтың жасырын түрі» және «Лудоманияның алдын алу» тақырыптарында түсіндіру жиналысы өтті.
Іс-шараға Түркістан облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция полковнигі Усербаев Ермек Әліпбекұлы, аталған басқарманың аға инспекторы, полиция майоры Зейнешов Сағи, Түркістан қалалық полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Сапарбеков Ақан, Түркістан қалалық полиция басқармасының ҚҚБ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Мейрханов Бағдат, сондай-ақ колледж директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Ш.Надирбаев қатысты.
Жиын барысында қатысушылар жастар арасында кездесетін құқықбұзушылық түрлеріне тоқталып, сталкингтің қоғамдағы қауіптілігі мен оның алдын алу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, лудоманияның (құмар ойындарға тәуелділік) жастар өміріне тигізетін кері әсері кеңінен талқыланып, оның салдары мен алдын алу шаралары жөнінде ақпарат берілді.
Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті мамандардан нақты жауаптар алды. Осындай түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатыны атап өтілді.

Comments are closed