Бүгін оқу ордамыздың студенттеріне арналған «Нашақорлықтан сақтану және интернет-алаяқтық» тақырыбында жиын өтті.
Жиынға ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің прокуроры Суттибаев Қайрат, Сейдазим Мухаммедали, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Надирбаев және өзге де мамандар қатысты.
Кездесу барысында жасөспірімдер арасында орын алып жатқан келеңсіз жағдайлардың алдын алу, құқық бұзушылықтың түрлері мен оларды болдырмау жолдары кеңінен талқыланды.
Баяндамашылар:
• кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі,
• ерте жүктіліктің алдын алу,
• құқық бұзушылықтың салдары,
• жастардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүру ережелері туралы түсіндірме берді.
Сонымен қатар, интернет-алаяқтықтан сақтану жолдарына ерекше назар аударылды:
• әлеуметтік желілердегі жалған жарнамаларға алданбау,
• банктік картаның деректерін ешкімге бермеу,
• банк атынан келген кодтарды жария етпеу,
• алдын ала төлем жасамас бұрын ақпаратты тексеру,
• күмәнді сілтемелер мен хабарламаларға сенбеу қажеттігі атап өтілді.
Жиын соңында жастарды заңға бағынуға, қоғамға пайдалы қызмет атқаруға және ізгілікке тәрбиелеу – басты міндет екендігі айтылды.

#

Comments are closed