Қасиетті Рамазан айына орай колледж жатақханасында тұратын студенттерге “Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыздандыру” бөлімшесінің ұйымдастыруымен ауызашар дастарханы дайындалды. Дайындалған ыстық тағамдар мен ауызашарға арналған ас-тағамдар арнайы жинақтарға салынып, студенттерге таратылды.
Бұл шара – Рамазан айының рухани құндылықтарын дәріптеп, студенттерге қамқорлық көрсету мен өзара сыйластықты арттыруға бағытталған игі бастама.
Қасиетті ай баршаңызға береке мен жақсылық әкелсін! 🌙

#

Comments are closed