2025 жылдың 08 желтоқсан күні «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің жастар орталығында жатақханада тұратын студенттерге арналған достық атмосфераға толы мотивациялық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара «Жатақхана – екінші үйім» тақырыбында өтіп, студенттер арасында ұйымшылдық пен достықты нығайту, сергектік пен позитивті көңіл күй қалыптастыруды мақсат етті.
Кеш барысында:
– Жатақханада тұратын студенттер бір-бірімен жақынырақ танысып, ашық пікір алмасты;
– Түрлі қызықты және сергітетін командалық ойындар өткізілді;
– Әр қатысушы белсенділік танытып, ұйымшылдықтың маңыздылығын сезінді.

Жастар үшін ерекше форматта өткен бұл шара көңілді, жылы әрі мотивациялық ортада жалғасып, жатақханадағы күнделікті өмірдің бір бөлшегіне айналған достық қарым-қатынасты нығайтты.

Мұндай кездесулер студенттердің бейімделуіне, бос уақытын тиімді өткізуіне және әлеуметтік ортада өз орнын табуына оң ықпал етеді.

#

Comments are closed