«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі №3 жатақханасының студенттерімен мазмұнды әрі ашық форматтағы кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы жанындағы Жастар ресурстық орталығы КММ-нің «Қоғамдық даму және психологиялық көмек көрсету» бөлімінің психологі Омарбек Сүлеймен, Түркістан қаласы ішкі саясат бөлімі жанындағы Жастар ресурстық орталығының инспектор-маманы Ходжаев Ибрахим, сондай-ақ Түркістан ҚПБ ҚҚБ УПИ полиция лейтенанты Құрбанәліұлы Рахатәлі және жатақхана тәрбиешісі Абдихадирова Света қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – студенттердің жатақханадағы тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік жағдайы және өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу, ұсыныс-тілектерін тыңдау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды. Іс-шара барысында білім алушылар өмір сүру жағдайлары, ішкі тәртіп талаптары, психологиялық қолдау мен әлеуметтік көмек мәселелері жөнінде өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Қатысушы мамандар тарапынан қажетті ақпараттар ұсынылып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Кездесу ашық әрі еркін форматта өтіп, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, әлеуметтік белсенділігін қолдауға және қолайлы әлеуметтік орта қалыптастыруға бағытталды.

Comments are closed