Ақпан айының 24-і күні КДН-0925 тобында арнайы пәндер оқытушысы Ж.Нишанбекова «Жеке табысты арттыру жолдары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақтың негізгі мақсаты – студенттердің жеке дамуға деген қызығушылығын арттыру, қаржылық сауаттылықтың маңызын түсіндіру және табысқа жетудің тиімді жолдарын көрсету болды. Сабақ барысында білім алушылар жеке табысты жоспарлау, мақсат қою, өзін-өзі дамыту және заманауи мүмкіндіктерді тиімді пайдалану жөнінде маңызды ақпараттар алды.
Сабақ интерактивті форматта ұйымдастырылып, студенттер өз ой-пікірлерін ортаға салып, белсенді түрде талқылауға қатысты. Ашық сабақ мазмұнды өтіп, білім алушылардың өмірлік дағдыларын қалыптастыруға оң ықпал етті.

#

Comments are closed