🔹 Жұмысшы мамандықтар жылы аясында білім алушылардың кәсіби бағдарын арттыру, өндіріс орындарымен тығыз байланыс орнату мақсатында жергілікті кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастырылды.
👨🍳 Аспазшы мамандығының студенттері Tor-Tobe Grand Hall мейрамханасына экскурсия жасап, кәсіби ас үйдің жұмыс барысымен, тағам дайындау технологияларымен, сервистік қызметтің ерекшеліктерімен танысты. Студенттер өндірістік үдерісті көзбен көріп, тәжірибелік мағлұмат алды.
👗 Киім дизайны мамандығының студенттері «Фатима Текстиль» мекемесінде болып, киім тігу өндірісінің кезеңдерімен, заманауи жабдықтармен және дизайнерлік жұмыстардың ерекшеліктерімен танысты.
✨ Мұндай экскурсиялар білім алушылардың мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, теория мен тәжірибені ұштастыруға, болашақ кәсіби бағыттарын нақтылауға үлкен мүмкіндік береді.

Comments are closed