«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің студенттері Астана қаласында өткен «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалін тамашалап қайтты.
Фестиваль Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен және басқа да салалық ведомстволардың, ұлттық компаниялар мен ірі кәсіпорындардың қолдауымен өтіп жатыр. Қалашықта 40 интерактивті көрмеде 200-ден астам мамандықтың қыр-сырына қанығып, экономика секторларының ерекшеліктерімен танысуға болады. Фестиваль аясында бірнеше күн бойы түрлі семинарлар, шеберлік сағаттары, инновациялық сессиялар мен жұмыс жәрмеңкелері ұйымдастырылды.
Астанаға сапар және «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі студенттер үшін болашақ маман болу жолында маңызды тәжірибе болды. Олар жаңа білім мен әсерлер алып қана қоймай, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы кеңінен мағлұмат алды. Бұл шара олардың кәсіби дамуына үлкен серпін береді деген ойдамыз. 🚀

Comments are closed