Ақпан айының 25-і күні колледждің жұмысшы мамандықтар жылына арналған жоспарына сәйкес «Жұмысшы – мерейлі мамандық» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараның қонақтары:
«1465 QAZAQ» мейрамханасының бас аспазы Темірханов Досбол Садырханұлы, RIXOS қонақ үйінің «Қазақ Азия» мейрамханасының бас аспазы Досжанов Нұрмұрат Сабырбекұлы және «Кәусар» шайханасының директоры Әбиева Қатира Нұрғалиевна болды.
Бұл шараның мақсаты – студенттерге аспаз мамандығының қыр-сыры туралы мағлұмат беру және оларды қызықтырған сұрақтарға кәсіби маманнан жауап алу мүмкіндігін беру.
Студенттер кәсіби мамандардың өмірлік, кәсіптік өсу жолындағы жетістіктері мен қиындықтан шығу жолдарын тыңдап, пайдалы кеңестер алды.
Іс-шара соңында «Мамандықты жетік меңгеріп, бәсекеге қабілетті болуға ұмтылыңыздар» деген жылы тілекпен іс-шара қонақтары мен оқытушылар жастарды болашақ мамандықтарын жақсы көріп жасауға және адал азамат болуға шақырып, олардың кәсіби дамуларына сәттілік тіледі.

Comments are closed