ЕТБ-0923-4 тобы студенттері мен оқытушылар Сүйкімбаева Сәбира және Сатыбалды Бағдаттың ұйымдастыруымен «Бағдарламалау және информатика» пәндік (циклдік) комиссиясының 2026 жылғы 16–20 наурыз күндері аралығында өткен «Digital Nauryz: Ұлттық дәстүр мен IT инновация» атты апталық іс-шара аясында «Жылы жүрек – жомарт қол» қайырымдылық шарасы өткізілді.
Шара барысында көмекке мұқтаж отбасыға қажетті қолдау көрсетіліп, мейірім мен жанашырлықтың жарқын үлгісі байқалды. Қайырымдылық – адамгершіліктің асыл қасиеті екенін тағы бір дәлелдеген бұл игі іс көпшілікке ерекше әсер қалдырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін жандарға көмек көрсету, қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру және қоғамда өзара көмек пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.

#

Comments are closed