Оқу ордамыздың білім алушыларына Түркістан қалалық полиция басқармасының ОТЗЗҚКб-нің инспекторлары Қайырбекова Айсулу, Еламан Тағай, Әлібекова Арай, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ш.Надирбаев, педагог-психолог Г.Сауқымбаева, әлеуметтік педагог Б.Тұрсынхан қатысуымен жалпы студенттерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған жиын барысында колледж студенттеріне отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бойынша тиімді, кешенді түсіндіру жұмыстары туралы баяндау, орын алатын құқықбұзушылық жағдайында тиісті шаралардың заң шеңберінде жүргізілетіні туралы айтылды. Жастарға қоғамда белең алып жатырған өзекті мәселелер (ерте жүктілік, ойынқұмарлық, зорлық-зомбылық, аутодеструктивті мінез-құлық) бойынша мамандар өз түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Comments are closed