Бүгін колледжде «Worldskills Turkistan – 2025» облыстық чемпионатына қатысушы студенттерге арнап педагог-психолог Г.Сауқымбаева семинар-тренинг ұйымдастырды. Семинар барысында жарыс алдындағы дайындық, күйзеліс себептерін анықтау және оны жеңу жолдарын атап өтіп, эмоцияны басқару, стресстің алдын алу үшін медитация жасау, тыныс алу жаттығуларын үйретті. Қатысушылар қосымша сұрақтар қойып, психологиялық дайындықтарын бір пысықтады.
Comments are closed