«02120200 – Киім дизайны» мамандығының оқуға құжат тапсырған талапкерлері арасында шығармашылық емтиханның алғашқы кезеңі өткізілді.
Емтихан барысында талапкерлер «Натурадан натюрморт салу» тапсырмасын орындап, өздерінің шығармашылық қабілеті мен көркемдік дайындығын көрсетті. Қатысушылардың жұмыстары белгіленген талаптар мен бағалау критерийлеріне сәйкес комиссия мүшелері тарапынан бағаланады.
Шығармашылық емтихан талапкерлердің кәсіби бейімділігін анықтауға бағытталған маңызды кезеңдердің бірі болып табылады.
Барлық талапкерлерге келесі кезеңде сәттілік тілейміз!

Comments are closed