📅 2026 жылғы 27 қазанда «Еңбек пен елдік: білімді ұрпақ – жарқын болашақ» атты айлық іс-шара аясында «Жаңашыл мұғалім» тақырыбында тәжірибелік семинар-тренинг өткізілді.
🎯 Семинардың мақсаты — педагогтердің жасанды интеллект пен цифрлық білім беру платформаларын тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру, сабақ үдерісін қызықты әрі интерактивті ұйымдастыру жолдарын көрсету.
💡 Семинар барысында ChatGPT, Educaplay, Gamma, Google Vids, Plickers платформаларының мүмкіндіктері таныстырылып, «Ұстаз Тілегі» платформасындағы ойындар мен «Нарды», «Сиқырлы қорап», «Тарсия» әдістері тәжірибе жүзінде көрсетілді. Сонымен қатар, заманауи бағалау және рефлексия әдістері ұсынылды.
🤝 Қатысушылар жаңа идеялармен бөлісіп, цифрлық құралдарды сабақта қолданудың тиімді жолдарын тәжірибе жүзінде меңгерді.
👩🏫 Семинар ұйымдастырушылары: М. Алтаева, Ж. Сабет.
🌟 Жаңашыл мұғалім — үнемі ізденетін, жаңалыққа ашық, өзгеріске дайын және әр білім алушының мүмкіндігіне сенетін ұстаз!
Білім беру саласындағы жаңашылдықты бірге дамытып, сапалы білім жолында жаңа мүмкіндіктерге қадам басайық! 💙

Comments are closed