Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ел дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған басым міндеттерді айқындады. Президент төмендегі бағыттардың маңызын ерекше атап өтті.
Жолдаудың негізгі бағыттары:
• Саяси жаңғыру – мемлекеттік институттарды жетілдіру, заң үстемдігі мен қоғамдағы бірлікті нығайту.
• Экономикалық өсім – экономиканы әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібін дамыту және Ұлттық қор қаражатын тиімді пайдалану.
• Инфрақұрылым және өңірлер – әлеуметтік нысандарды, жолдар мен инженерлік желілерді жаңғырту, қалалар мен ауылдарда қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру.
• Білім және әлеуметтік сала – мектептер, медициналық мекемелер, мәдениет және спорт нысандарына қолжетімділікті арттыру.
• Көлік және логистика – теміржолдарды, автожолдар мен әуежайларды дамыту, халықаралық транзиттік әлеуетті күшейту.
• Энергетикалық қауіпсіздік – жаңа қуат көздерін іске қосу, энергетикалық желілерді жаңарту және атом энергетикасын дамыту.
• Ауыл шаруашылығы және су – озық технологияларды енгізу, суармалы жерлердің тиімділігін арттыру, суды үнемдеу және нақты есепке алу.
• Цифрландыру және жасанды интеллект – экономика мен инфрақұрылым салаларына заманауи цифрлық шешімдерді кеңінен енгізу.
Бұл міндеттерді жүзеге асыруда сапалы білім мен білікті маман даярлаудың маңызы зор. Осы орайда жастардың кәсіби дағдыларын жетілдіру, технологиялық сауаттылығын арттыру және еңбекке жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру – колледж үшін де басты міндеттердің бірі.
Ортақ мақсат – қуатты экономика, дамыған өңірлер және халықтың жоғары тұрмыс сапасы. Білімді ұрпақ пен жауапты еңбек – осы мақсатқа жетудің берік негізі!
t.me/aqorda_resmi

#

Comments are closed