Сабақ барысында заманауи әдіс-тәсілдер мен инновациялық технологиялар тиімді қолданылды. Жасанды интеллект көмегімен әзірленген бейнеролик білім алушылардың тақырыпты меңгеруіне ықпал етсе, клиникалық балау үдерісінде VR көзілдірігі пайдаланылып, тәжірибелік жұмысқа ерекше мүмкіндік берді.

Практикалық тапсырмалар арқылы студенттер ас қорыту мүшелерінің ауруларын анықтау, олардың алдын алу және емдеу шараларын жүргізу бойынша кәсіби дағдыларын жетілдірді.

💡 Инновациялық технологияларды сабақта қолдану білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға және кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға мүмкіндік берді.

#

Comments are closed