2026 жылғы 21 қазанда колледжде «Әр түрлі ассортименттегі кекстерді, орамдарды, вафлилерді дайындау және әрлеу» пәнінен «Кекс дайындау технологиясы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
👩‍🍳 Сабақ барысында білім алушылар кекстің түрлерімен, қамыр дайындау технологиясымен және кондитерлік өнімдерді безендіру тәсілдерімен танысты.
✨ Сабақта заманауи оқыту әдістері, топтық жұмыстар, қызықты тапсырмалар мен танымдық ойындар қолданылып, білім алушылардың кәсіби дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға басымдық берілді.
🎯 Ашық сабақтың мақсаты — болашақ кондитер мамандарының теориялық білімін жетілдіріп, кәсіби шеберлігін шыңдау және сапалы өнім дайындауға деген қызығушылығын арттыру.
👩‍🏫 Сабақ өткізген: арнайы пәндер оқытушысы М. Алтаева
🏫 Тобы: КНМ-0925
«Еңбек пен елдік: білімді ұрпақ – жарқын болашақ» 🇰🇿

#

Comments are closed