Республика күні — еліміздің егемендікке жасаған тарихи қадамын айшықтайтын, ұлттық рухымызды асқақтатып, елдік құндылықтарымызды дәріптейтін ерекше мереке.

Туған жерге деген сүйіспеншілік, елге деген құрмет пен болашаққа деген сенім — әрбір азаматтың жүрегінен орын алуы тиіс. Бүгінгі бейбіт өміріміз бен жарқын болашағымыз — бірлігіміз бен тәуелсіздігіміздің жемісі.

Біз — тәуелсіз елдің білімді жастары, Қазақстанның ертеңіне жауапты ұрпақпыз! Еліміздің дамуына үлес қосып, биік белестерді бағындыру — біздің басты мақсатымыз.

Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіреп, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақстанымыз өркендеп, тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!

Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Мерекеміз құтты болсын, қымбатты Қазақстан!

#

Comments are closed