2026 жылғы 23 қазанда «Фараб» ғылыми кітапханасында өткен «Ыбырайдан жеткен асыл сөз» атты қалалық көркемсөз оқу байқауына Түркістан Ахмет Ясауи колледжінің білім алушылары қатысты.
Байқау барысында студенттеріміз көркемсөз оқу шеберліктерін танытып, сөз өнеріне деген қызығушылықтары мен әдеби мұраға құрметтерін көрсетті.
🏆 Байқау нәтижесі бойынша:
🥉 ІІІ орын – КДН-0926 тобының студенті Мырзақұлова Ақбота.
Сонымен қатар, КНМ-0926 тобының студенттері Әбибуллақызы Румиса мен Жаңабай Айдана, ДТС-0926-1 тобының студенті Абдулла Жанерке және ЭЕА-0926 тобының студенті Жұмағұл Асылзат түрлі номинациялар бойынша марапатталды.
👏 Студенттерімізді жетістіктерімен құттықтаймыз! Шығармашылық шабыт, толағай табыс және алар асуларыңыздың биік болуын тілейміз!

Comments are closed