Колледжде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Дүниежүзілік азық-түлік күніне орай топ жетекшілерінің ұйымдастыруымен білім алушылар арасында «Пайдалы тағам – дұрыс таңдау» тақырыбында танымдық викторина өткізілді.
🍏 Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың дұрыс тамақтану туралы білімдерін кеңейту, пайдалы тағамдарды саналы таңдауға баулу және азық-түлікті үнемдеу мәдениетін қалыптастыру.
🧠 Викторина барысында білім алушылар дұрыс тамақтану, тағамның құнарлылығы, дәрумендердің адам ағзасына пайдасы және тамақтану мәдениеті туралы сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін ортаға салды.
🌾 Сонымен қатар тағамды қадірлеу, азық-түлікті үнемдеу және ысырапқа жол бермеудің маңыздылығы түсіндірілді.
Пайдалы тағам – денсаулық кепілі! Дұрыс тамақтануды таңдап, асты қадірлеп, ысырапшылдыққа жол бермейік!

#

Comments are closed