«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде жатақханада тұратын білім алушылар арасында тазалық пен ішкі тәртіп ережелерін сақтау, психологиялық саулықты қолдау және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында жиналыс өткізілді.
Жиналысқа тәрбие бөлімі қызметкерлері, медбике және жатақхана тәрбиешісі қатысты. Кездесу барысында бөлме тазалығын сақтау, жеке бас гигиенасы, өзара сыйластық, әдептілік және ішкі тәртіп талаптарын орындау мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар білім алушылардың эмоционалдық жағдайына назар аудару, жағымды қарым-қатынас қалыптастыру және қауіпсіз орта құру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты – білім алушылардың бойында тазалық мәдениетін, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастырып, жатақханада қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру.

Comments are closed