ТжКББ күні кәсіби мерекесін атап өту аясында колледжде «Білім алмасу» шеберлік-сыныптары ұйымдастырылды.
Жобаның басты мақсаты – болашақ тәлімгерлерді даярлау және өзгелерге білім бере алатын білікті мамандарды қалыптастыру. Осы бастама аясында «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының студенттері колледж оқытушыларына арнап «Киберқауіпсіздік және деректерді қорғау», сондай-ақ «Жасанды интеллектті қолданудың негіздері» тақырыптарында шеберлік-сынып өткізді.
Бұл тәжірибе білім алушылар мен ұстаздар арасындағы өзара үйренісу мәдениетін нығайтып, кәсіби дамуға жаңа серпін берді.

Comments are closed