Қазақстан республикасының Оқу ағарту министрлігінің өкілдері Түркістан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына әдістемелік қолдау мақсатында апта бойы бірқатар іс шаралар ұйымдастырды.
Атап айтқанда Оқу-ағарту минстрлігі техникалық-кәсіптік білім департаменті басшысының орынбасары Қасымова Ақзира Бақтыбайқызы, “Талап” КЕАҚ -ның стратегиялық жоспарлау, жобалар және ІТ-қамтамасыз ету басқармасының бас маманы Нигметжанова Марал Кудайбергеновнаның қатысуымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, оқу ісі, тәрбие-ісі, оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасарлар үшін стратегиялық жоспарлау, оқу жылының негізгі бағыттары, нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістер жайлы ақпарат ұсынды. Сонымен қатар педагогтармен онлайн және офлайн форматта оқыту семинарлары өткізіп білім беру бағдарламары және оларды реестрге орналастыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. “Түркістан Ахмет Ясауи” кәсіби колледжі қызметкерлері жиналысқа қатысып, жаңа заңдармен таныс болып қайтты.

#

Comments are closed