ХХІ ғасырдың сахнасында қазақ қауымы Мәңгілік елге айналу дегеніміз, ең алдымен өмірлік күрескерлік белсенділігі орасан зор, жан-жақты сауатты, білімі мен біліктілігі мол, текті мәдениеті мен іскер кемелдігі жоғары, жаһандық бәсекеге қабілетті ұлт бола білу деген сөз. Демек, күллі елді, ұлтты, һәм ұл-қыздарымыз бен шәкірттерімізді бәсекелі жарысқа лайық дәрежеде кемелдендіре білуді ұтқырлықпен үнемі оздыра түсу деген сөз. Яғни, ХХІ ғасыр сахнасында қазақ елі тек есті де текті, кемел де көреген, білікті де кемеңгер дәрежедегі өз ұл-қыздарымызбен, немере-шөберелерімізбен мақтануды да, марқаюды да бұрын-соңды болмаған дәрежеде алға оздыра білудің арқасында ғана ұлттық мәртебелі мерейімізді теңдесі жоқ дәрежемен көкке асқақтата білудің озық та ұтқыр өнегелерін оздыра алатын алтын ғасырына айналдыру деген сөз. Ұлылардағы ұлы мақсат пен көреген көсемдіктің дәрежесі міне, осындай болса керек-ті.
Осы орайда, «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде 18-22 қыркүйек аралығында «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыздандыру», «Есеп және аудит», «Тамақтандыруды ұйымдастыру» секілді әр түрлі бағыттағы мамандықтар үшін арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып отыр. Апта бойы оқытушылар мен білім алушылар арнайы әзірленген көрмеден керекті кітаптар туралы мағлұматтар ала алады.

#

Comments are closed