Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Есірткісіз болашақ» атты спорттық-танымдық іс-шара өтті.
Іс-шараға Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі М. Бимаханов, колледж директорының орынбасарлары Д. Еркебалаев, Ш. Надирбаев, оқытушылар мен студенттер қатысты.
Кездесуде «Заң және тәртіп» қағидаты аясында есірткінің зияны, заң алдындағы жауапкершілік, жеке қауіпсіздік және интернеттегі қауіп-қатерлер жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның спорттық бөлімінде «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы оқытушыларының ұйымдастыруымен студенттер арасында қол күресінен жарыс және «Толағай» спорттық сайысы өткізілді. Қатысушылар ептілігі мен ұйымшылдығын көрсетіп, үздіктер марапатталды.
✅ Есірткісіз жас ұрпақ – қауіпсіз қоғам мен жарқын болашақтың кепілі

#

Comments are closed