Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ПБ-нің мамандарымен түсіндірме жұмыстары бойынша жатақхана студенттеріне жиналыс өткізілді
⚜️Мақсаты: тұрғындарды “Жатақхана ережесімен” таныстыру. Қоғамдық мүлікті ұқыпты пайдалануға, жанашырлық көзқарас қалыптастыру, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, ішкі тәртіп ережелерін сақтауды қамтамасыз ету.
⚜️Студенттерге құқықтары мен міндеттері, жатақханада тұру ережелері түсіндіріліп, оларға тәрбие жұмысының негізгі бағыттары ұсынылды. Сондай-ақ, студенттерге тұрмысты ұйымдастыру және ішкі тәртіпті сақтау, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәселелері түсіндірілді. Қоғамдық мүлікті ұқыпты пайдалануға, жанашырлық көзқарас қалыптастыруға және тәртіп ережелерін сақтауды қамтамасыз етуге шақырды.
✨ Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алды. Сонымен бірге кибербуллингке және ерте жүктіліктің алдын алу бойынша түсіндірмелер жүргізілді.
Кездесуге төмендегі қызметкерлер қатысып, сұрақтарға жауап берді.

  1. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Ш.Надирбаев
  2. Түркістан ҚПБ ЖПҚ АУИ полиция майоры: И.Шадманов
  3. Педагог-психолог: Г.Сауқымбаева
  4. Қыздар кеңесінің төрайымы: Н.Ибрагимова
  5. Мейірбике: Ү.Қалдарбекова
#

Comments are closed