8.10.2026 жылы кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың өмірі мен денсаулығын қорғау, психологиялық қолдау көрсету мақсатында «Қолайсыз жағдайында эмоционалдық тұрақтылықты қалай сақтауға болады?» тақырыбында колледжіміздің оқу залында директор орынбасарлары, колледж психологы мен Түркістан ҚПБ-ның ҚҚБ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Сүйіндік Қазыбек Жабайқалиұлының қатысуымен кезекті ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында ата-аналар үшін практикалық кеңестер, баламен эмоциналдық байланыс орнату мәселелері қарастырылды. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасалып отырса, жасөспірімдер арасында болатын құқықбұзушылық болмауына пайдасын тигізеді. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмыстың өсуіне жол бермеу.

#

Comments are closed