Оқу ордамыздың студенттерімен «Әке тәрбиесі – теңдесі жоқ өмір» тақырыбында жиналыс өтілді. Жиналысқа: «Асқар тау» әкелер кеңесінің төрағасы Н.Аяпов, әкелер кеңесінің мүшесі Шамшиев Қазбек, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ш.Надирбаев, педагог-психолог Г.Сауқымбаева, әлеуметтік педагог Б.Тұрсынхан қатысуымен жалпы студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Бұл жиналыс әкелердің балаларына деген жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды нығайту және әкелердің тәрбиелік рөлін күшейту мақсатында өткізілді. Іс-шараның мақсаты – әкелердің бала тәрбиесіне белсенді түрде қатысуына ықпал ету, олардың бала өміріндегі маңызды рөлін түсіндіру болып табылады. Отбасылық қатынастар мен бала тәрбиесінің негіздерін талқылап, әкелердің өз балаларына деген қарым-қатынасының сапасын жақсарту жолдары қарастырылды.Шара барысында әкелер өз тәжірибелерімен бөлісіп, болашақта осындай кездесулерді жиі өткізу қажеттілігі туралы пікір білдірді. Жиналыс соңында әкелер мектебінің төрағасы Н.Аяпов әкелердің бала тәрбиесіне қосар үлесі зор екенін атап өтті және әкелер мектебінің жұмысы бұдан әрі де жалғасын табатынын жеткізді.
Comments are closed