«Бағдарламалау және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің «Әлемді бейнелеген нақты ғылымдар» тақырыбындағы айлық іс-шара барысында жоспарланған «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» бөлімінің оқытушысы Д.Шермаханбет ВЕТ-0920-1 тобының студенттеріне «Диаграмма құру» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Сабақ барысында презентациялық көрсетілімдер көрсетіліп сабақ түсіндірілді, электронды кестелермен жұмыс жасау, және сол тақырып бойынша диграммалар құру туралы анықтамалар берілді, тәжірибелік тапсырмалар беріліп, мысалдар келтірілді. «Не көрдің, не білдің?», «Менің сұрағым», «Сұрақ саған, жауап маған», «Кім тапқыр?» ойындары арқылы Excel-де білім алушылар тапсырмаларды орындады. Оқушыларды бағалау барысы қамтылды. Оқушылар сабақты қызығушылықпен толық меңгеріп шықты.

#

Comments are closed